Лента новостей

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының күнтізбесін бекітті

жаңа оқу, жылы, кезеңдер

Алдағы 2026-2027 оқу жылының басталу, аяқталу мерзімдері мен оқушылардың демалыс кезеңдері ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында, яғни 7 күн өтеді.

Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын қамтиды. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасып, 14 күнге созылады.

Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасын қамтып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Сонымен қатар, министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдерін де бекітті. Толық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.

Фото: ЖИ

Просмотров (116)
ТопДок 1