Лента новостей

ШҚО-да мектептер мен балабақшалар қызметкерлерінің жеке деректері ашық жарияланған

жеке дерек, заңсыз, таралу

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында прокурорлар 611 педагогтың жеке деректерінің заңсыз таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Прокуратура жүргізген талдау барысында ауданның мектептері мен балабақшалары мемлекеттік сатып алу порталында міндетті медициналық тексеру қызметтерін сатып алу туралы хабарландыру жариялаған кезде құжаттарға қызметкерлердің толық тізімін тіркегені анықталған.

Нәтижесінде ашық қолжетімділікке педагогтардың аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), атқаратын лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары жарияланған. Бұл олардың дербес деректерінің құпиялылығына қауіп төндірген.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде заңбұзушылықтар толық жойылып, 611 қызметкердің заңсыз жарияланған жеке мәліметтері ашық қолжетімділіктен алынып тасталды. Сондай-ақ кінәлі лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу немесе тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Фото: ЖИ

Просмотров (87)
ТопДок 1