Лента новостей

Қазақстандағы автомектептер бақылауға алынды

автомектеп, тексеріс, бақылау

ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері еліміздегі автомектептердің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда Қазақстанда 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, кейбір автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандыру жеткіліксіз. Сонымен қатар, оқу көліктерінің арасында техникалық ақауы барлары да кездескен. Осы олқылықтарды жою үшін 20 ұйғарым берілді.

Бұдан бөлек, 59 оқу ұйымында міндетті техникалық тексеруден өтпеген және сақтандыру полисі жоқ көліктер пайдаланылғаны белгілі болды. Соның салдарынан ІІМ Әкімшілік полиция комитеті 701 оқу тобының қызметін уақытша тоқтатты.
Автомектептердің есебі мен оқу топтарын тіркеу "Автомектеп" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе көмегімен берілген куәліктің заңдылығын, оқу бағдарламасының орындалуын және оқу автокөліктерінің есебін онлайн форматта тексеруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, саланы бақылауды күшейту мақсатында автомектептерді ашудың хабарлама тәртібінен рұқсат беру тәртібіне көшіру және мемлекеттік бақылау тетіктерін енгізу.

Фото: ЖИ

Просмотров (166)
ТопДок 1