Ішкі істер министрлігі азаматтарды концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттер сатып алу кезінде аса мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, интернет кеңістігінде жалған хабарландырулар мен күмәнді делдалдардың ұсыныстары жиілеген.
Алаяқтар әлеуметтік желілер мен түрлі платформалар арқылы билеттерді тиімді бағамен алып беруді ұсынады немесе оларды бірнеше есе қымбатқа сатуға тырысады. Кей жағдайларда мүлде жалған билеттер таратылып, азаматтар ақшасынан айырылып, іс-шараға кіре алмай қалады.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі билеттерді тек ресми және сенімді сатылым көздерінен сатып алуды ұсынады. Сондай-ақ бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аударудан бас тарту қажет.
ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, сақтық шараларын сақтау — алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы.
Фото: ЖИ
