Лента новостей

Зейнетақы жинағын ипотекаға пайдалану ережесі өзгерді

зейнетақы, ипотека, заң

Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдалану тәртібіне жаңа өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы “Отбасы банкке” сілтеме жасап Arnapress.kz хабарлайды.

“Отбасы банк” баспасөз қызметі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен қағидаларға өзгерістер енгізілгенін еске салды.

2026 жылдың 17 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының артық бөлігін пайдалану арқылы екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық қарызды ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды жабуға рұқсат етіледі. Яғни, бұдан былай ай сайынғы төлемге кіретін сыйақы және өзге де берешектер БЗТ есебінен өтелмейді. Бұл шығындарды азаматтар өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс.

Сонымен қатар, өзгерістерге сәйкес ипотекалық қарызды өтеу үшін БЗТ пайдалану кезінде enpf-otbasy.kz платформасына жаңартылған үлгідегі анықтама тапсыру қажет. Құжатта міндетті түрде несие бойынша негізгі қарыз қалдығы көрсетілуі тиіс.

“Отбасы банк” екінші деңгейлі банктерге клиенттерге осындай анықтаманы беру тәртібін енгізу бойынша тиісті хаттар жолдаған.

Жаңа ереже 2026 жылғы 17 сәуірден бастап күшіне енеді.

Фото: ЖИ

Просмотров (155)
ТопДок 1