Лента новостей

Өскеменде тегін аяқкиім таратқан тұрғын 5 тәулікке қамалды

тегін, аяқ киім, тарату, тәртіп

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Т.-ға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО облыстық сотына сілтеме жасап. 

Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі — ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылған.

Сотта анықталғандай, 2026 жылғы 11 сәуірде азамат Т. қаладағы Қазақстан көшесі, 159/1 мекенжайында орналасқан "Башпай" дүкенінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жаппай іс-шара ұйымдастырған. Шара барысында тегін аяқкиім мен жеңілдікпен тауарлар таратылып, келушілерге ас ұсынылған.

Нәтижесінде, аталған орынға көп адам жиналып, қоғамдық тәртіп бұзылып, шу мен бейберекет жағдай орын алған.

Сот отырысында азамат Т. өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ

Фото: ЖИ

Просмотров (163)
ТопДок 1