Қазақстанда мемлекеттік грант алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Оның айтуынша, тестілеуді бірнеше рет тапсыру абитуриенттерді сапалы іріктеу мәселесін толық шеше алмайды.
"ҰБТ-ны тұтастай өзгерту қажет. Грант конкурсына қатысу үшін бір реттік тапсыруды объективті әрі қорытынды баға ретінде бекіту керек. Сонымен қатар білім деңгейін өзін-өзі бағалау және дайындық әдістерін уақтылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады",- деп жазды вице-премьер.
Айта кетейік, грант алу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі абитуриенттерге 2022 жылдан бастап берілген еді.
Фото: ЖИ
