Лента новостей

Қазақстанда 15 сәуір күні телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады

радио, телевидение, техникалық, үзіліс

2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады. Бұл жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты жүзеге асырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Qazteleradio сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт ішінде телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша қолжетімсіз болады.

"Қазтелерадио" АҚ мәліметінше, мұндай жұмыстар тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Негізгі мақсат – телерадио хабар тарату сапасын арттыру және техникалық құралдарды жаңғырту. Сондай-ақ, жоспарлы жұмыстар барысында қосымша техникалық жаңарту шаралары да жүзеге асырылады.

Осыған байланысты мамандар уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрайды.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (249)
ТопДок 1