Лента новостей

Жолаушы пойызда немесе вокзалда затын ұмытып кетсе, не істеу керек?

поезд, жолаушы, зат, ұмыту

Жолаушылар пойызда немесе теміржол вокзалдарында жеке заттарын жиі ұмытып кетеді. Осыған байланысты Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі әрекет ету тәртібін еске салды, деп хабарлайды Arnapress.kz

Жолаушылар тасымалы АҚ мәліметінше, мұндай жағдайда ең алдымен сабыр сақтап, нақты қадамдар жасау қажет:

Егер пойыз әлі станцияда тұрса және жөнелтуге дейін 10–40 минут уақыт болса, жолаушы вагон жолсеріктеріне жүгініп, затын қайтарып ала алады.

Ал пойыз жүріп кеткен жағдайда, жолаушылар арнайы байланыс арналары арқылы көмек сұрай алады. Атап айтқанда, ресми Instagram парақшасы (@jolaushylar_tasymaly) немесе WhatsApp нөмірі арқылы хабарласып, жедел жауап алу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ вокзалдағы кезекшіге жүгініп, вагон нөмірін, орнын және ұмыт қалған заттың сипаттамасын нақты көрсетіп, вокзал бастығының атына өтініш қалдыру қажет. Қажет болса, затты басқа қалаға жеткізіп беру туралы өтініш те жазуға болады.

Егер жолсерік ұмыт қалған затты тауып алса, ол пойыз бастығына тапсырылады. Кейін зат қалыптастыру пунктіне жіберіліп, вокзалда сақталады. Иесі келген кезде жеке куәлігі арқылы зат қайтарылады.

Айта кетейік, пойыздарға орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында ұмытылған заттар саны 92%-ға дейін азайған. Мамандар жолаушыларға сапар барысында жеке заттарына мұқият болуды және қажет жағдайда көмекке жүгінуді ұсынады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (118)
ТопДок 1