Лента новостей

Алматыда үш күнде 5 мыңнан астам жол ережесі бұзылды

жол, ереже, бұзу

Алматыда соңғы үш тәулік ішінде қала жолдарында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды. 94 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері қауіпті жүргізу жағдайларын, оның ішінде түнгі заңсыз жарыстарды анықтап, жолын кескен. Бұдан бөлек, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелген.

Ведомство мәліметінше, кейбір жүргізушілер құқық бұзушылықтарын әдейі бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жазасыздық сезімін қалыптастыруға тырысады. Алайда мұндай әрекеттердің барлығы бақылауда, құқық бұзушылар міндетті түрде анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, соңғы резонансты жағдайлардың бірі әл-Фараби даңғылында тіркелді. Жүргізуші автокөлікті сағатына 250 шақырым жылдамдыққа дейін үдеткен. Тәртіп сақшылары оның жеке басын жедел анықтап, ұстаған. Нәтижесінде оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар рәсімделіп, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті әрекеттерге бармауға және өзге жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірмеуге шақырады

Фото: жасанды интеллект арқылы

 

Теги: , ,
Просмотров (154)
ТопДок 1