Павлодар облысында есірткіге қарсы жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ірі көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақсу қаласында күдіктіні қолға түсірді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, шамамен 11 келі өсімдік тектес есірткі заты табылған. Барлық заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу мақсатында тасымалдау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен күдікті қамауға алынды.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды есірткі айналымына қатысты кез келген ақпаратты 102 нөмірі немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырады. Анонимділік сақталады.
Фото: Полиция департаменті видеосынан скрин
