Лента новостей

Алматыда 11,5 мың оқушы бір мезетте күй орындап, рекорд орнатты

домбыра, рекорд, Алматы

Алматы қаласындағы Almaty Arena мұз сарайында 11,5 мыңнан астам жас домбырашының қатысуымен ауқымды флешмоб өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың түкпір-түкпірінен жиналған мектеп оқушылары бір мезетте күй мен заманауи шығармаларды орындап, кеңістікті ұлттық аспаптың қуатты үнімен тербетті.

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алғашқы әуеннен-ақ зал ерекше атмосфераға бөленген. Мыңдаған домбыра үні бір арнаға тоғысып, дәстүр мен заманауи музыканың үйлесімін көрсеткен бірегей мәдени көрініске айналды.

200-ден астам мектептің жас өнерпаздары Төлеген Мұхамеджанов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев күйлері мен Құрманғазының "Балбырауын" шағармаларын заманауи попурри форматында сондай-ақ күйші-виртуоз Асылбек Еңсеповтің кеңінен танымал шығармаларын орындады.

Іс-шараға сахна жұлдыздары мен халықаралық рекордтар ұйымының өкілдері арнайы қатысты. Нәтижесінде, 4 минут 38 секундқа созылған бұл жетістік домбырамен ең көп адамның бір мезетте күй орындауы ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді.

Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Просмотров (155)
ТопДок 1