Лента новостей

Абай облысында шағын СЭС салынады

СЭС, салынады, Абай облысы

Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленді.

"Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп отыр", - деп жазды министрлік.

Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.

"Жол картасын іске асыру нәтижесінде "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі "Достық" гидроторабында орналасқан", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Просмотров (134)
ТопДок 1