Лента новостей

Семейде жүргізуші куәлігін “алып беремін” деген адам 200 мың теңгеге алдап кеткен

жүргізуші куәлік, жасату, алдау, Абай облысы

Жаңасемей ауданының полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданды деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, 2025 жылдың қараша айында бейтаныс әйел жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп сендіріп, оның сеніміне кірген. Нәтижесінде 200 000 теңге көлеміндегі қаражатты иемденген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде Семей қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындаған. Алайда жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын өтелмеген, себебі ақша жұмсалып кеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі қолданылды.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Құжаттарды рәсімдеуге "көмек" ұсынып, жылдам шешіп беруді уәде ететін делдалдарға сенбеу қажет. Барлық мемлекеттік қызметтер заңнамаға сәйкес, ресми тәртіппен ғана көрсетіледі.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (223)
ТопДок 1