Лента новостей

Енді Астана-Семей бағытындағы пойызда интернет пайдалануға болады

Астана-Семей, интернет

Жуырда "Транстелеком" АҚ ұсынған Starlink спутниктік ғаламтор желісі №122/121 Астана-Семей жолаушылар пойызында да қолжетімді болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан теміржолшысына сілтеме жасап.

Осылайша, пойыз енді тек транспорт қана емес, заманауи цифрлық қызметтер ұсынатын алаңға айналды. Наурыз мерекесі күндері ресми түрде іске қосылған "Цифрлық вагон" пилоттық жобасы жолаушыларға сапалы интернетке қосылу мүмкіндігін беріп, сапар кезінде жұмыс істеу немесе демалу үшін қосымша қолайлылық сыйлады.

Жолаушылар мен сарапшылардың пікірінше, бұл жаңашылдықтар теміржол сапарын одан әрі ыңғайлы, тиімді және заманауи етіп, туристердің қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Елдегі теміржол қатынасының дамуы мен цифрлық технологиялардың енгізілуі болашақта сапалы және қолжетімді қызмет көрсетудің кепілі болып отыр.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (101)
ТопДок 1