Лента новостей

Семейде жылуға төленетін төлемнің өскендігіне тұрғындар шағымдануды

тұрғындар шағымы, жылу төлемі өсті

Жылу беру маусымы басталып, сонымен қатар жылуға төленетін төлемдердің де қымбаттағаны байқалуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Күннің суығында жылудың берілгені, әрине, тұрғындар үшін маңызды. Алайда соңғы айларда жылу тарифтерінің ай сайын өсуі көпшіліктің наразылығын тудырып отыр. Төлемдер пәтердің шаршы метрі бойынша есептелгенімен, тұрғындар түбіртектегі сомалардың күрт артып кеткенін айтады.

Осыған байланысты редакцияға төрт бөлмелі пәтерде тұратын тұрғынның хаты келіп түскен. Оның айтуынша, жылу үшін төлем әр ай сайын айтарлықтай өсіп отырған.

"Жылу берілген алғашқы айда төлем аса көп болған жоқ. Жарты айға шамамен 3000 теңге төледім. Кейін бір айға 9000 теңге келді. Ал желтоқсан айында жылуға 14 000 теңге есептелді. Ай сайын төлем қымбаттап бара жатыр", – деп жазады тұрғын.

Тұрғындардың айтуынша, жылуға жұмсалатын шығын отбасылық бюджетке салмақ салып отыр. Әсіресе көпбалалы және зейнеткер отбасылар үшін бұл мәселе өзекті. Қала тұрғындары жылу бағасының өсу себебі мен есептеу тәртібіне қатысты тиісті мекемелерден түсініктеме беруді сұрайды.

Arnapress редакциясы аталған мәселеге байланысты жауапты ұйымдарға сауал жолдап, ресми жауап алуға тырысуда.

Гүлнұр Ахметжан
Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (310)
ТопДок 1