Лента новостей

"Булинг үшін директор ғана жауапты емес" – министр пікір білдірді

буллинг, директор, министр

Атырау облысында болған оқушылар арасындағы булинг жағдайына қатысты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова фейзбук парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды Arnapress.kz

Министрдің ойынша, мектеп директорының қызметтен босатылуы проблемаға шешім емес.

"Балалар арасындағы булинг, төбелес және өзге келеңсіз жағдайлар тек директорға ғана байланысты емес. Мұндай оқиғаларға жауапкершілік мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, білім беру басқармаларына және уәкілетті органдарға да жүктелуі тиіс. Сондықтан мәселені жүйелі түрде шешуіміз керек", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр осы бағытта кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Өткен жылы Жамбыл және Қызылорда облыстарында, ал соңғы аптада Түркістан облысында прокуратура мен күштік органдардың қатысуымен кеңестер өткізілген.

Еске сала кетейік, Құлсарыдағы №6 мектепте 10-сынып оқушысы балтамен өзге оқушыларға қауіп төндірген еді. Оқиғадан кейін мектеп басшысына қатаң сөгіс беріліп, директор қызметтен кетті.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (267)
ТопДок 1