Лента новостей

Қазақстан УЕФА Суперкубогын алғаш рет қабылдайды

УЕФА, суперкубок, Астана

Астанада 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында 2028 жылғы Суперкубок елордадағы "Астана Арена" стадионында ұйымдастырылады.

2028 жылғы УЕФА Суперкубогында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары өзара кездеседі.

Бұл – Қазақстанда өтетін ең ірі халықаралық футбол ойындарының бірі болмақ. Суперкубоктың Астанаға берілуі ел футболы үшін айтулы жетістік әрі Қазақстанның халықаралық спорттық беделін арттыратын маңызды оқиға саналады.

Фото: ЖИ

Просмотров (146)
ТопДок 1