Лента новостей

Абай облысында "Ұлылар елі" республикалық ән байқауы өтеді: жүлде 5 млн теңге

Ұлылар елі, байқау, ән, республикалық

Абай облысының гимнін жазуға арналған "Ұлылар елі" республикалық ән байқауы басталатыны жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасы баспасөзіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Абай атындағы әмбебап кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен өткен кездесуде мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, Абай облысы құрылғанына бірнеше жыл толғанына қарамастан, өңірдің рухын көтеріп, халықтың жүрегіне жететін гимн мен патриоттық бағыттағы жаңа әндерге сұраныс бар.

"Бүгін сіздермен кездесуде жалпы жұртқа бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді. Мемлекет басшысының әділетті шешімімен Абай облысы құрылып, өз алдымызға отау тіккенімізге де бірнеше жылдың жүзі болды. Енді өңірдің айбынын асырып, елдік рухты көтеретін гимнге де, халыққа жақын, лирикалық жаңа әндерге де қажеттілік бар", - деді Берік Уәли.

"Ұлылар елі" ән байқауы Абай облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен өтеді. Байқау екі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, "Киелі Абай елі" облысына арналған гимн жазу және "Trend auen" атты заманауи музыкалық шығармалар бағыты бойынша ұйымдастырылады.

Фото: Мәдениет басқармасы баспасөзінен

Просмотров (234)
ТопДок 1