Лента новостей

Семейде әлеуметтік осал топ пен жетім балалар жаңа баспанаға ие болды

жаңа баспана, осал топ, табыстады

Семейде әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетім балалар жаңа баспаналы болды. Қалалық шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты деп хабарлайды Аrnapres.kz Абай облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап

2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынған. Солардың бірі - Ұшақтар кентіндегі 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй. Бүгін 26 отбасыға пәтер кілті табысталды, ал жақын күндері тағы 34 отбасы жаңа баспаналы болады.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, бұл шараның тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы мемлекеттік саясаттың жалғасы екенін атап өтті.

Фото: Абай облысы әкімі баспасөз қызметі

Просмотров (207)
ТопДок 1