Лента новостей

Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды дамып келеді

ара шаруашылығы, дамуда, өндіріс

Елімізде ара шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласының стратегиялық әрі табысты бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл туралы Аrnapress.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды

2025 жылы қазақстандық балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, 1 477 тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 603 тонна болған еді. Негізгі бағыт - Өзбекстан, оған 1 264 тонна немесе жалпы экспорт көлемінің 85,6 пайызы тиесілі. Сонымен қатар қазақстандық бал Канада, Қытай, Сауд Арабиясы, Ресей және АҚШ нарығына жеткізілді. Алғаш рет өнім Оманға экспортталды.

Сондай-ақ, сырттан әкелінетін балдың көлемі едәуір төмендеп, 2024 жылғы 1 663 тоннадан 262,4 тоннаға дейін азайды. Бұл отандық өндірістің артқанын және қазақстандық өндірушілердің нарықтағы орнын күшейтетінін көрсетеді.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында 241 мың ара ұясы бар, оның 90,2 мыңы асыл тұқымды. Жыл сайын шамамен 5 мың тонна бал өндіріледі, оның 46,5 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда, 54 пайызы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде өндіріледі.

Мемлекеттік қолдау шеңберінде әр килограмм балға 200 теңге көлемінде қаржылай көмек қарастырылған. 2024 жылы 2025–2027 жылдарға арналған ара шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді. Сонымен қатар, заңнамаға түзетулер енгізіліп, есеп жүргізудің ашықтығы, сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілік және өнімді экспорттау көлемін ұлғайту мақсатында шаралар қолға алынуда.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (196)
ТопДок 1