Лента новостей

Жүргізушілерге маңызды: қате айыппұлдар автоматты түрде жойылады

Ішкі істер министрлігі тасжолдарда жылдамдықты асыруға қатысты қате қалыптастырылған айыппұлдар бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтің айтуынша, 13–14 тамыз аралығында Бас прокуратураның “ЕРАП” ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған.

Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыруға қатысты кейбір құқық бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.

Қазір ІІМ мамандары әріптестерімен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жүргізушілерге арнайы полицияға жүгінудің немесе қате айыппұлды дәлелдеудің қажеті жоқ. Техникалық ақау салдарынан қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталған және олар автоматты түрде жойылады.

Ал қате рәсімделген айыппұлды бұған дейін төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі пысықталып жатыр.

Министрлік бұл жағдай тек аталған техникалық ақаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдарға қатысты екенін атап өтті.

Жағдай ІІМ бақылауында.

Фото: ЖИ

Просмотров (7)
ТопДок 1