Лента новостей

Мемлекет энэргетикасында тұрақтылықты басқарудың тәуекелге бағдарланған практикалық тәсілі қалыптасып келеді

Соңғы жылдары Қазақстанның энэргетика саласы дәстүрлі техникалық басқару шеңберінен шығатын жаңа міндеттермен жиі бетпе-бет келуде. Энергожүйелерге түсетін жүктеменің артуы, инфрақұрылымның тозуы және өнеркәсіптік кәсіпорындардың үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге жоғары тәуелділігі тәуекелдерді басқаруда неғұрлым жүйелі тәсілді талап етеді. Осы жағдайларда энэргетикалық және өнеркәсіптік сектордың бірқатар компанияларында нақты өндірістік ортада қолдануға бағытталған интеграцияланған тәуекелдерді басқару моделі дамып келеді.

Бұл теориялық тұжырымдама емес, ірі өнеркәсіптік холдингтердің энергетикалық бөлімшелерінде және энергия сыйымдылығы жоғары өндірістерде сынақтан өткен модель туралы сөз болып отыр. Аталған модельді қазақстандық маман Руслан Әльмүсін әзірлеген және ол нақты жобалар аясында енгізген.

Энергиямен қамту – өндірістік тұрақтылықтың факторы

Өнеркәсіптік холдингтердің энергетикалық бөлімшелерінің ерекшелігі – энергиямен жабдықтаудағы іркілістер өнім көлеміне, қаржылық көрсеткіштерге және келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер етеді. Дәл осы себепті модельді енгізудің алғашқы жобалары Еуразия рессурс тобына кіретін кәсіпорындардың энергетикалық контурында іске асырылды.

Бұл жағдайда тәуекелдерді басқару қосалқы функция ретінде емес, өндірістік және қаржылық жоспарлаудың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды. Энергетикалық қызметтердің ұсынымдары мен есептері бойынша, модельді енгізу энергиямен қамту тәуекелдерін өндірістік кестелермен, жөндеу науқандарымен және инвестициялық бағдарламалармен байланыстыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде жабдықтардың істен шығуы немесе шектеулер туындаған жағдайда салдарды алдын ала бағалап, басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде ескеруге жағдай жасады.

Кәсіпорындардың энергетикалық қызметтеріндегі қолдану тәжірибесі

Өнеркасіптік кәсіпорындардың энергетикалық бөлімшелерінде модель ішкі желілердің шамадан тыс жүктелуі, жабдықтардың істен шығуы және сыртқы электрмен жабдықтау шектеулерімен байланысты тәуекелдерді жүйелеу үшін пайдаланылды. Мамандардың айтуынша, тәуекелдерді формалдандырылған түрде бағалау инциденттерге жауап беруден оларды алдын алуға көшуге мүмкіндік берді.

Бірқатар өндірістік алаңдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл техникалық қайта жарақтандыру басымдықтарын қайта қараудың негізіне айналды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды қорғау кезінде басшылыққа тек техникалық негіздемелер ғана емес, негізгі тәуекелдер іске асқан жағдайда туындайтын ықтимал шығындардың бағасы да ұсынылды. Мұндай формат басқару деңгейі үшін түсінікті болып, ресурстар шектеулі жағдайда инвестициялық шешімдерді негіздеуге мүмкіндік берді.

Модельді енгізу нәтижелері кеңірек салалық контексте де қарастырылды. Жобалық материалдар мен ұсынымдар энергетикалық саланың сараптамалық және талдамалық құрылымдарының, соның ішінде Қазенерджі өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Бұл ұйым үшін энергиямен қамтудың сенімділігі мен тәуекелдерді басқару кәсіби диалогтың тұрақты тақырыптарының бірі болып табылады.

Сарапшылардың пікірінше, интеграцияланған тәсілдің негізгі құндылығы – техникалық, операциялық және қаржылық тәуекелдерді біртұтас жүйе аясында салыстырып қарастыру мүмкіндігінде. Бұл әсіресе энергетикалық инфрақұрылымның едәуір бөлігі жоғары жүктеме жағдайында пайдаланылатын және жаңғырту бойынша салмақты шешімдерді талап ететін Қазақстан үшін өзекті.

Таүекелдерді басқару – басқарушылық құрал ретінде

Модельді енгізудің маңызды нәтижелерінің бірі – компания басшылығы деңгейінде тәуекелдерді басқаруға деген көзқарастың өзгеруі. Егер бұрын тәуекелдер көбінесе техникалық бақылау нысаны ретінде қарастырылса, интеграцияланған тәсіл аясында олар басқарушылық күн тәртібінің элементіне айналды.

Бірыңғай бағалау өлшемдерін, ерте ескерту индикаторларын және формалдандырылған сценарийлерді пайдалану шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттырып, субъективті бағаларға тәуелділікті азайтты. Өнеркасіптік холдингтердің энергетикалық бөлімшелері үшін бұл аса маңызды, өйткені энергиямен қамту саласындағы шешімдер негізгі өндірістің тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Енгізу тәжірибесі модельдің энергетикалық активтердің әртүрлі түрлеріне – өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі желілерінен бастап ірі энергия тораптарына дейін – бейімделе алатынын көрсетті. Бұл ретте бірыңғай әдіснамалық негіз сақталады, ол нәтижелерді салыстыруға және тұрақтылықты басқарудың жүйелі тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде интеграцияланған тәуекелдерді басқару энергетика саласының жалпы сенімділігін арттырудың практикалық құралдарының бірі ретінде қарастырылуда. Инфракұрылымды жаңғырту және энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың артуы жағдайында мұндай модельдер Қазақстан энэргетикасының тәуекелдерді басқару және орнықты даму саласындағы неғұрлым жетілген салалық тәсілдерінің негізіне айналуы мүмкін.

Еркiн КАЛИЕВ

Просмотров (98)
ТопДок 1