Лента новостей

Павлодарда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды

тоғызқұмалақ, турнир, Павлодар

Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында жекелей есептегі Қазақстан чемпионатының жалауы көтерілді деп хабарлайды Arnapress.kz федерацияға сілтеме жасап

Ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 140 спортшы қатысуда. Павлодар облысының намысын 10 спортшы қорғап жатыр. Жарыс 11–17 ақпан аралығында өтеді. Турнир 11 турдан тұрады. Әр партияға 90 минут негізгі уақыт беріліп, әр жүріске қосымша 10 секундтан қосылады.

Биылғы чемпионатқа қатысушылар құрамы да айрықша. Олардың қатарында 6 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 27 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 40 спорт шебері бар. Салтанатты ашылу рәсімінде Даулет Әбдікәрімұлы жуырда спорттық атақ алған спортшыларды құттықтап, олардың жетістіктерін атап өтті.

Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша алғашқы екі орынды иеленген спортшылар 2026 жылдың қазан айында Румынияның Бухарест қаласында өтетін Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды. Ал 3–6 орын алған қатысушылар қыркүйек айында Қырғызстанда өтетін Көшпенділер ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (182)
ТопДок 1