Лента новостей

Семей қаласында ауа райына байланысты ауруханаға қанша адам жүгінгені анықталды

жедел жәрдем, зардап шегу, тайғақ жол

2026 жылғы 10 ақпан бойынша Семей қаласында көшедегі жарақаттар бойынша жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне 89 өтініш түсті деп хабарлады Arnapress.kz тілшісіне қалалық жедел медициналық жәрдем беру ауруханасы

“81 ересек және 8 бала травматологиялық пункттерге жеткізілді.
ШЖҚ на КМК «ЖМЖА»-на 115 науқас тіркелген, олардың ішінде 54 адам жедел жәрдем бригадасы арқылы жеткізілді, 61 адам өз бетімен келген. 16 науқас жабық сынумен госпитализацияланды”,- делінген мәліметте.

Хабарламада, УГ НАО «МУС»-те жедел жәрдем бригадасы арқылы 8 бала және 12 ересек жеткізілді, 10 науқас өз бетімен келді. 4 ересек науқас ЗЧМТ-пен (жабық бас ми жарақаты) госпитализацияланды, қалған науқастар қаралып, амбулаториялық емге жіберілген. Травматологиялық пунктте қосымша дәрігер мен медбике шығарылды, 4 травматолог кезекшілік жұмыс жасаған.

Сондай-ақ пациенттер аудандық ауруханаларға жеткізілді: ШЖҚ КМК "Мақаншы аудандық ауруханасына" - 1 адам, "Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасына" - 4 адам түскен.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (194)
ТопДок 1