Халықаралық отбасы күніне орай елімізде дәстүрлі "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Абай облысы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты - адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, неке мен жанұяның жағымды үлгісін насихаттау және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру.
Конкурсқа еңбек, спорт, шығармашылық, ғылым, мәдениет және зияткерлік салаларында жетістікке жеткен, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген отбасылар қатыса алады.
Өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында аудандық және қалалық комиссиялар арқылы қабылданады.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
аудандық (қалалық) кезең - 15 маусым мен 30 маусым аралығы;
облыстық кезең - 30 маусым мен 15 шілде аралығы.
Қосымша ақпаратты +7 705 853 82 13 нөмірі арқылы алуға болады.
Фото: ЖИ
