Лента новостей

Бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан нокаутпен ширек финалға шықты

Махмұд алғашқы кездесуін тайбэйлік Ян Лин Лайға қарсы өткізді.

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Махмұд турнирдегі алғашқы кездесуін тайбэйлік Ян Лин Лайға қарсы өткізді.

Жекпе-жек бір раундқа да созылған жоқ. Сабырхан қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Сурет: olympic.kz

Просмотров (4182)
ТопДок 1