Лента новостей

"Біз ойлағандай оңай емес" өрт сөндіруші әуедегі әсерімен бөлісті

өрт, Бородулиха, блогер, әсері

Абай облысы Бородулихадағы өртті сөндіруге қатысып жүрген өрт сөндіруші әрі блогер Елдос Нұртазаев тікұшақ экипажының жұмысы үлкен дәлдікті талап ететінін айтып, өз парақшасында әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Arnapress.kz

"Аман-есен өшіріп келдік. ГСМ бітті, енді жанармай құйып аламыз да, қайтадан ұшамыз. Жігіттер, жарайсыңдар! Біз сырттан қарағанда тікұшақпен ұшып барып, суды төге салады деп ойлаймыз ғой. Бірақ оның ішінде жұмыс мүлде бөлек. Қай жерде өрттің ошағы бар – суды дәл сол жерге құю керек. Іште бір адам үнемі бақылап отырады, суды төгетін сәтте бәрі өте мұқият әрекет етеді", – дейді. 

Айта келтейік, 16 шілде күні таңғы сағат 09:45-те Қамышенка орманшылығының 57-орамында шыққан еді. 

 Өрт ошағына жақын орналасқан DosbolLike балалар лагерінен 190 бала мен 20 қызметкерді қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Оқиға орнына тілшіміз де барып, өз көзімен көріп қайтқан еді. 

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (151)
ТопДок 1