Ертіс мұзынан белгісіз азаматтың өлі денесі табылды
Павлодар - Ленинский тасжолындағы көпір астынан белгісіз ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, бұл туралы хабарлама құтқарушыларға сағат 22:23-те 112 пультіне хабарланған.
Құтқарушылардың айтуынша, белгісіз ер адам өлімінің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Сурет:Tengrinews.kz