Үржар ауданының Тарбағатай тауының баурайында орналасқан "Тарбағатай" оқыту-сауықтыру орталығы жазғы сауықтыру маусымын жалғастыруда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Табиғаты көркем, таза ауамен көмкерілген лагерьде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Орталықта демалушыларға спорттық жарыстар, танымдық және шығармашылық іс-шаралар, мәдени-рухани бағдарламалар ұсынылып, олардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге ерекше назар аударылуда.
Биыл лагерьде 8 ауысым өткізу жоспарланған. Әр ауысымда 80 бала демалады. Жазғы маусымда жалпы 560 оқушыны сауықтыру көзделген. Орталықта Үржар ауданының барлық елді мекендерінен келген балалар демалып, жаңа достар тауып, түрлі іс-шараларға қатысып, жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізуде.
Фото: Жи
