2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жаса
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа 2026–2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық балаға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Биыл бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері - 50 851 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Сонымен қатар, жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай кейбір өңірлерде төлем көлемі бұдан да көп болуы мүмкін.
Қаржылай көмек:
жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға;
атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына;
өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі.
Көмек алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер қажетті құжаттарды баланың білім алатын ұйымына тапсыруы тиіс.
Фото: ЖИ
