Лента новостей

Семейлік қария алаяқтарға алданды

алаяқ, банк, смс

Семейде 87 жастағы зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгісіз адам WhatsApp арқылы хабарласып, өзін eGov қызметкері ретінде таныстырған. Ол банк шотын "қорғау" және алаяқтардың әрекетін болдырмау керек деген сылтаумен зейнеткерді көрсетілген нөмірге 2,5 миллион теңге аударуға көндірген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция ескертеді:
Мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ешқашан ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етпейді;
SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және құпиясөздерді ешкімге айтпаңыз;
Күдікті қоңырау түссе, әңгімені бірден тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз! Жақындарыңызға, әсіресе егде жастағы ата-аналарыңыз бен туыстарыңызға бұл туралы ескертіп қойыңыз.

Фото: ЖИ

Теги: , ,
Просмотров (213)
ТопДок 1