Лента новостей

Семейде жаңа "вафельді" жол таңбасы пайда болды

вафельді, жол, таңба

Семей қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында екі ірі қиылысқа жаңа "вафельді" жол таңбасы енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Жаңа таңба мына мекенжайларда пайда болды:

Шәкәрім даңғылы - Қабанбай батыр көшесі және Қабанбай батыр көшесі - Қаржаубайұлы көшесінің қиылысы.

"Вафельді" жол таңбасы нені білдіреді?

Сары түсті тор көзді таңба жүргізушілерге қиылысқа тек оны толық кесіп өте алатынына сенімді болған жағдайда ғана кіруге болатынын ескертеді. Егер алда кептеліс болып, көлік қиылыстан шыға алмай қалатын болса, бұл аймаққа кіруге тыйым салынады.

Не істеуге болмайды?

"Вафельді" таңбаның үстінде тоқтауға;
Алдыңызда бос орын болмаса, қиылысқа кіруге;
Басқа бағыттағы көліктердің қозғалысына кедергі келтіруге.

Мамандардың айтуынша, жаңа жол таңбасы қиылыстардағы кептелісті азайтып, қозғалысты реттеуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.

Фото: Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (329)
ТопДок 1