Лента новостей

Абай облысында жарты жылда 468 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

алаяқтық, онлайн-несие

Абай облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз болды, деп хабарлайды Arnapress.kz

Абай облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Мират Қабытаевның айтуынша, 2026 жылдың алғашқы алты айында өңірде интернет-алаяқтықтың 468 дерегі тіркелген. Оның 369-ы Семей қаласында жасалған. Қазіргі уақытта 100-ден астам қылмыстың беті ашылған.

Полиция мәліметінше, алаяқтар көбіне әлеуметтік желілер, жалған инвестициялық жобалар, онлайн-несие рәсімдеу, банк картасын "қорғау" туралы жалған хабарламалар, түрлі лотереялар мен мессенджерлер арқылы әрекет етеді. Көп жағдайда олар өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды ешкімге бермеу қажет. Егер интернет-алаяқтық белгілері байқалса, бірден полицияға хабарласу ұсынылады.

Фото: ЖИ

Просмотров (124)
ТопДок 1