Лента новостей

Соңғы қоңырау мен бітіру кешіне жаңа талаптар бекітілмек

білім, кеш, соңғы қоңырау

Қазақстанда мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды Arnapress.kz  Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін ұйымдастыру талаптарын нақтылаған. Осыған байланысты арнайы бірлескен бұйрық қабылданады.

Жаңа талаптардың басты мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Енді аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі. Сонымен қатар, оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден ақша және өзге де материалдық құндылықтар жинауға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ бітіру кештерін мектептен тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығынды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды.

Ал Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізеді.

Фото: ЖИ

Просмотров (195)
ТопДок 1