Лента новостей

Астанадағы өрт: полиция ереже бұзған көлікке шара қолданды

өрт, кедергі, өрт сөндіру

Астанадағы қайғылы оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, көлік иесі анықталып, оған қатысты әкімшілік шара қолданылған. Құқық қорғау органдары төтенше жағдай кезінде арнайы қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін әрекеттер қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Полиция өкілдері азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және жедел қызметтердің жұмысына бөгет жасамауға шақырды.

Еске салсақ, 12 сәуірге қараған түні Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында өрт шыққан. Қайғылы оқиға салдарынан кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды. Оқиға орнынан күйік шалған әйел құтқарылып, ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Көркем-3" тұрғын үй кешенінің тұрғындарының айтуынша, балалар түтінге уланып, көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: ЖИ

Просмотров (278)
ТопДок 1