Лента новостей

Аягөздік тұрғын қаржысынан айырылды

алаяқ, алдау, танысы, Аягөз

Аягөз ауданында сенімге селкеу түскен оқиға тіркелді. Танысына сенген 41 жастағы тұрғын жарты миллион теңгеге жуық қарызға батып қалған, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың қараша айында Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп сенімге кірген. Ол жәбірленушінің ұялы телефонын пайдаланып, оның атына онлайн несие рәсімдеп жіберген.

Нәтижесінде келтірілген материалдық шығын 499 850 теңгені құрады. Қазіргі таңда күдікті анықталып, оның әрекеттеріне алаяқтық бабы бойынша құқықтық баға берілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға шақырады. Тіпті жақын таныстарға да жеке деректер мен телефонды сеніп тапсырмау қажет. Себебі қазіргі таңда онлайн несиелер бірнеше минут ішінде рәсімделеді, ал мұны алаяқтар өз пайдасына жиі қолданады.

Фото: ЖИ

Просмотров (337)
ТопДок 1