Лента новостей

Семейде қоғамдық орында тәртіп бұзған шетелдіктерге жазасын алды

қоғамдық орын, тәртіп бұзу

Семей қаласында қоғамдық орында тәртіп бұзған шетелдік азаматтарға Қазақстан аумағына кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Абай даңғылы бойындағы бір мекеменің жанында күндізгі уақытта екі шетелдік азаматтың қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп жатқан сәті түсірілген видео тараған. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 37 және 43 жастағы шетелдік азаматтар болып шыққан.

Белгілі болғандай, оқиға болғаннан кейін бейнежазба әлеуметтік желілерде бір ай өткен соң жарияланған. Осы уақыт ішінде аталған азаматтар Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен.

Соған қарамастан, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді. Полиция бастамасымен аталған тұлғалардың Қазақстан аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі-не жолданды.

Полицияда атап өткендей, қоғамдық тәртіп пен мінез-құлық нормаларын сақтау — Қазақстан аумағында жүрген барлық азаматтар үшін, олардың азаматтығына қарамастан, міндетті.

Фото: Абай облысының Полиция департаментінен 

Просмотров (165)
ТопДок 1