Лента новостей

Абай облысында мас күйінде көлік басқарған әйел ұсталды

мас, жол, көлік, Абай облысы

Абай облысының Үржар ауданында, Абылайхан көшесінде полиция қызметкерлері BMW маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде 38 жастағы жергілікті тұрғын болған деп Arnapress.kz Полиция департамерті баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жүргізушімен тілдесу барысында тәртіп сақшылары одан алкогольдің өткір иісін байқаған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.

Сонымен қатар, 2024 жылғы Үржар аудандық сотының үкімімен оның 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша көлік құралын басқару құқығынан айырылған әрі мас күйінде автокөлік жүргізу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қолданылды.

Абай облысы Полиция департаменті еске салады: алкогольдік мас күйінде, оның ішінде жүргізуші куәлігінен айырылған жағдайда көлік басқару - жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (521)
ТопДок 1