Лента новостей

Абай облысының гимніне арналған конкурсқа қатысу шарттары белгілі болды

Ұлылар елі, гимн, шарттары

Ауқымды жоба Абай өңірінің рухани келбетін айшықтап, мәдени-көпшілік шараларда шырқалатын заман талабына сай лирикалық әуендерді дүниеге әкелуді мақсат етеді деп хабарлайды Arnapress.kz мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Байқау екі бағытта өтеді:
“Киелі Абай елі”- өңірдің рухани болмысын ашатын патриоттық ән жазу;
“Trend әуен” - мәдени-көпшілік шараларға арналған заманауи лирикалық ән жазу.

Байқауға 18 жастан асқан кәсіби ақындар, композиторлар мен әншілер қатыса алады. Өтінімдер 2026 жылдың 30 наурызына дейін ocnt.oblastabay23@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Қорытынды гала-концерт Семей қаласында өтеді.

Жүлде қоры әр бағыт бойынша бір жеңімпазға - 5 000 000 теңге. Сондай-ақ жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Абай елінің киелі мекендері мен көрікті жерлерін жырға қосқан, өңірдің рухани мұрасын арқау еткен туындыларға басымдық беріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
8 707 170 2098 - Жасұлан Тлеубайұлы
8 707 206 18 99 - Қайсар Беделхан

"Ұлылар елі" - Абай елінің жаңа үні болмақ.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (159)
ТопДок 1