Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғаларының тіркелуі туралы нақтылау үшін Arnapress.kz тілшісі Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды білді.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 9 ақпанда 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал, 10 ақпан күні алты жол-көлік оқиғасы орын алған.
“Аталған жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер жоқ. 10 ақпанда тіркелген алты жол-көлік оқиғасының біреуі Семей қаласындағы Қаржаубайұлы көшесінде автобус пен «Кобальд» маркалы автокөліктің соқтығысуымен байланысты. Сондай-ақ Восточный шағынауданы, Апрель ықшамауданы маңы және Аймауытов көшесінде де көлік апаттары тіркелді. Оның ішінде бір автобус және бір жүк көлігі, қалғандары жеңіл автокөліктер. Сонымен қатар, республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ”,- деді Абай облысы полиция департаментінің баспасөз өкілі Дина Әмренова.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге ауа райының қолайсыз кезеңінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін асырмауға және қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.
Еске сала кетейік, таңертең тұрғындардан келіп түскен автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелмеген
Гүлнұр Ахметжан
Фото: жасанды интеллект арқылы
