Лента новостей

"АрселорМиттал Теміртау" ресми түрде QARMET-ке айналды

QARMET Telegram арнасының ақпаратына сәйкес, "АрселорМиттал Теміртау" енді ресми түрде QARMET деп аталады.

2023 жылғы 8 желтоқсанда Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарының жаңа инвесторы атанғаны белгілі болды. Ол Қарағандыға аттанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың еңбек ұжымына QARMET-тің жаңа инвесторын таныстырғаны жазылған.

Сондай-ақ Талғат Темірханов QARMET-тегі Qazaqstan Steel Group акционерінің ресми өкілі болып тағайындалғаны айтылған.

Еске салсақ, қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittal Temirtau кәсіпорындарының инвесторы болды.

2023 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталғаны белгілі болды.

Сурет: Telegram/qarmet_news

Просмотров (2342)
ТопДок 1