Лента новостей

2026 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп медицинасында жаңа жүйе енгізіледі

мектеп, медицина, өзгеріс

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын жаңғыртып, балалардың профилактикалық медициналық тексерулерін толық цифрландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Жаңа жүйе 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектептерінде кезең-кезеңімен енгізіледі.

Аппараттық кеңесте Денсаулық сақтау министрі қазіргі профилактикалық тексерулер формалды сипатта өтіп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда басты назар тексеру сапасына емес, сандық көрсеткіштерге аударылып отырғаны айтылды.

Ведомство мәліметінше, дәрігерлер тапшылығы мен медицина қызметкерлеріне түсетін жоғары жүктеме балаларды қарау уақытының қысқаруына және ауруларды ерте анықтау деңгейінің төмендеуіне себеп болуда.

Жаңа модель аясында мектептер цифрлық электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, бой-өлшеуіштермен, таразылармен, отоскоптармен және телемедициналық кешендермен жабдықталады. Кейін интраоральды камералар, плантографтар мен авторефрактометрлер де енгізілмек.

Сонымен қатар барлық медициналық деректер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне біріктіріліп, әр балаға электрондық денсаулық паспорты жасалады.

Министр Ақмарал Әлназарова бұл жүйе ауруларды ерте анықтауға және балалар денсаулығын өмір бойы бақылауға мүмкіндік беретінін айтты.

Фото: ЖИ

Просмотров (167)
ТопДок 1