Лента новостей

Семейде 154 келіден астам марихуана тәркіленді

есірткі, тәркіленді, Семей

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында есірткі жеткізу арналарына қарсы күресті күшейтіп жатыр. Осы бағыттағы арнайы операция барысында Семей қаласында ірі көлемдегі есірткі қоры анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің жолын кескен. Тінту кезінде 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 килограмм марихуана табылып, тәркіленді.

Тергеу мәліметінше, есірткі заттары Абай облысы аумағында тарату үшін арнайы целлофан қаптамаларға бөлініп оралған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ өкілдері есірткі жеткізу арналарына қатысты кез келген заңсыз әрекет қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

Фото: ЖИ

Просмотров (247)
ТопДок 1