Лента новостей

Өскемендегі аспалы көпірде оқыс оқиға: 8 адам зардап шекті

жаяу жүргінші, құлады, Өскемен

7 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында Өскемен қаласындағы Карбышев көшесінде орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдікке сілтеме жасап. 

Оқиға кезінде көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт жасөспірім болған. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі жеткен. Зардап шеккендердің барлығы дәрігерлер тексеруінен өтті. Мамандардың айтуынша, ауыр жарақат тіркелмеген, тек жеңіл сырылу мен көгеру анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болған. Кәмелетке толмағандар конструкцияны өздері шайқағандарын мойындаған. Соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген.

Қазіргі уақытта нысан келушілер үшін уақытша жабылды.

Облыс әкімдігі биыл "Самал" саябағын жаңғырту аясында аспалы көпірді күшейту және жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жөндеу толық аяқталғанға дейін көпірге кіруге шектеу қойылады.

Фото: Өскемен әкімдігі

Просмотров (241)
ТопДок 1