Лента новостей

Биыл Семей қаласында "Алтын белгіге" 60 оқушы үмітті

Бұл туралы білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев мәлімдеді.

Биыл 1 маусым күні Семей қаласы бойынша   11 сыныпты  1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде   "Алтын белгі" белгісіне  үміткерлер саны - 60, үздік аттестатқа - 155, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 "Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы "Алтын белгі" белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде “Алтын белгі” мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз  айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге  1417 (73,1%)  оқушы қатысты.Орташа балл - 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен  жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады", − деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.


Семей қаласы бойынша мамыр, маусым  айларында өтетін  негізгі ҰБТ-ға 1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (1994)
ТопДок 1