Лента новостей

Семейдегі Ертіс жағалауының тазалығына тұрғындар алаңдаулы

Семейдегі Ертіс жағалауының тазалығына тұрғындар алаңдаулы

Семей қаласына қарасты Восточный кентіндегі Ертіс өзенінің жағалауы қоқыс қалдықтарына толып кеткен, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Бұл туралы кент тұрғындары редакциямызға хабарласып, өз алаңдаушылықтарын білдірді.

Тұрғындардың айтуынша, өзенге апаратын жолдың бойында және жағалау маңында тұрмыстық қоқыс көп жиналған. Демалуға және серуендеуге келген кей азаматтар артынан қоқысын жинамай, қоршаған ортаны ластап кететін көрінеді.

"Ертіске барар жолдың бәрі қоқыс. Келіп, отырып, қыдырып келушілер артын жинамай, шашып кетеді. Көктемде су көтерілген кезде қоқыс жоғары көтеріліп, үйлерге дейін жетеді. Осы Ертістің суын өзіміз ішеміз. Неге тазалыққа мән берілмейді?!" - дейді Восточный кентінің тұрғындары.

Тұрғындар бұл мәселені жауапты мекемелер назарға алып, жағалауды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылдаса дейді.

Ертіс жағалауы - тек демалыс орны ғана емес, қала тұрғындары үшін маңызды табиғи аймақ. Сондықтан оның тазалығын сақтау - баршамызға ортақ міндет.

Фото: тұрғындардан

Просмотров (152)
ТопДок 1