
2025 жылғы 14 тамыздағы Үкімет қаулысымен "Әуе оқу орталығы" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға беру шарты бойынша қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ-ның "Әуе оқу орталығы" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін республикалық меншікке сыйға беру шарты бойынша беру туралы ұсынысы қабылдансын", – делінген құжатта.
Мемлекеттік қатысу үлесі ретінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% көлемде "Азаматтық авиация академиясы" АҚ-ның акциялары қабылданды.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сурет: pixabay.com