Лента новостей

Семейде алаяқ қала тұрғынының 4,5 миллион теңгесін иемденіп алған

алаяқ

Әйел адам пәтерлік алаяқтардың құрбаны болды. 

Семейде алаяқтар 36 жасар қала тұрғынын 4,5 миллион теңгеге алдап кетті, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласының тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі бойынша шағымданды. Оның айтуынша, 2024 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында танысы пәтерді арзан бағамен алып беремін деп сеніміне кіріп, алдау жолымен 4,5 миллион теңгесін иемденген.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындағанымен, жәбірленушінің ақшасы қайтарылмады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қолхатпен бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сурет: жасанды интеллект көмегімен жасалды 

Просмотров (4583)
ТопДок 1