Лента новостей

Семейде қала орталығында ер адамды ұрып кетті

төбелес

Зардап шеккен азамат ауруханада.

Семей қаласының әлеуметтік желілерінде ер адамды соққыға жығу сәті тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Бейнежазбадағы кадрларға қарағанда, оқиға күндіз, қаланың қақ ортасында, тамақтану орындарының бірінің қасында болған. Бірнеше адам ер азаматты қолымен де, аяғымен де ұрып-соққан. Сол сәтте біреуі оны қашып кетпеуі үшін ұстап тұрса, тағы бірінің қолында пышаққа ұқсас зат болған.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, екі күдікті ұсталды, тағы біреуін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы бір тұлғаның орналасқан жері анықталуда. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал тараптар арасындағы өзара келіспеушілік негізінде туындаған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жатпайды", - деді Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров.

Сурет: видеодан скриншот 

Просмотров (11530)
ТопДок 1